Қоғам

ІІМ-де Интерпол Штаб-пәтерінің өкілдерімен кездесу өтті

Астана қаласында ІІМ қызметтері басшыларының Интерпол Бас хатшылығының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесудің мақсаты – Қазақстан ІІМ мен Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерпол арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыта түсу, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша өзара белсенді іс-әрекеттерді нығайту.

Шетелдік әріптестермен кездесу барысында ұйыммен екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері, халықаралық іздестіру, трансұлттық қылмысқа, терроризмге, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту мен біліктіліктігін арттыру және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.

Қазақстандық Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан Ұйымның халықаралық дерекқорларын ІІМ ақпараттық дерекқорларымен интеграциялау және оларды Қазақстан полициясы қызметкерлерінің күнделікті қызметте қолдануы тәжірибесіне назар аударды.

Шетелдік әріптестер Қазақстан Интерполы ҰОБ-ның Бас Хатшылықпен және жоғары деңгейдегі қылмыстық полиция ұйымына қатысушы барлық елдермен өзара белсенді іс-қимылдарына арнайы тоқталды.

Кездесу соңында Интерпол штабының өкілдері қазақстандық әріптестеріне  тиімді ынтымақтастыққа бағытталған бастамаларын белсенді қолдағаны үшін алғыстарын білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button