Құқық
ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/11/23a62984a38911f44be0ca0e747f828b_1280x720-780x470.jpg)
Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған.
Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.
– Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.