Басты ақпаратҚала тіршілігі

iKOMEK-ке 2 миллион өтініш түсті

Қаладағы iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына жыл басынан бері 2 миллионнан астам өтініш келіп түскен. 1 миллион 760 мыңнан астам өтініш бірінші қоңыраудан-ақ өңделіп, тұрғындардың талап-тілегі қанағаттандырылды.

[smartslider3 slider=647]

Орталық іске қосылғаннан бергі аралықта 6 миллионнан астам өтініш қабылданған екен. iKOMEK109 қызметі қала тұрғындарының арыз-шағымдары мен талап-тілегін қамтамасыз етуде қаладағы 1 мыңнан астам ұйыммен байланысты жолға қойған.

iKOMEK109 байланыс орталығы халықпен өзара іс-қимылдың бірыңғай нүктесіне айналды. 109-ды терген тұрғындар су тарту, жылыту, қоғамдық көлік, электрмен және газбен жабдықтау, денсаулық сақтау, абаттандыру сияқты 2500 мәселе бойынша өтініш білдіре алады. Бүгінде тұрғындардан түскен мәселелердің 86,6 па­йызы бірінші қоңыраудан-ақ шешімін тауып жатыр. Тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтың ­жауабын алуда, шешімін күтерде 109-дан бөлек Telegram-ботта, қала әкімдігінің сайтында, iKOMEK109 және Smart Astana мобильді қосымшаларында да өз өтініштерін қалдыра алады.

Жыл басынан бастап қаладағы 16 мыңнан астам бейнебақылау камерасында тәулік бойы бақылау арқылы iKOMEK109 бақылау орталығы 13 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button