Елорда тынысы

Ikomek-тен көмек көп

Қалалық iKOMEK мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 4 жыл толды. Осы уақыт ішінде оның мамандары елорда тұрғындарынан шамамен 7,5 млн өтінішті қабылдап, өңдеді, олардың 86,6 пайызы алғашқы қоңыраудан бастап шешілді.

[smartslider3 slider=1672]

4 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы «109» бірыңғай нөмірлі колл-орталықтан қала тұрғындары мен билігі арасындағы бірыңғай жедел байланыс жүйесіне айналды. Сонымен қатар iKOMEK орталығы тәулік бойы қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, коммуналдық кәсіпорындардың колл-орталықтарын біріктіреді және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын өңдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда iKOMEK Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының, сондай-ақ елорда әкімдігі жұмысының цифрлық трансформациясының практикалық үлгісіне айналды. Елорданың әрбір тұрғыны немесе қонағы өзін қызықтыратын барлық мәселелер, шағымдар, ұсыныс­тар бойынша немесе шұғыл көмек алу үшін орталыққа «109» нөмірі бойынша, әлеуметтік желілер, чат-боттар немесе мобильді қосымша арқылы хабарласа алады.

Орталықты әзірлеушілердің цифр­лық шешімдері әкімдік пен қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін жылдан-жылға арттырып келеді. Мысалы, Big Data технологиясы негізінде құрылған «Қаланың жүйелік проблемаларының рейтингі» елорданың 79 жүйелік ­проблемасын анықтады, оның 49-ы бүгінде шешілді. Қалалық қызметтердің жұмысын қадағалау мен мониторингілеудің барлық процесі автоматтандырылған, талдамалық жүйе инциденттердің жүйелілігі мен маңыздылығы негізінде проблемаларды өз бетінше анықтайды.

Сонымен қатар iKOMEK елордада қала бойынша, адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде мектептерде, балабақшаларда, жолдар мен ауруханаларда орнатылған 16 мың бейнебақылау камерасының көмегімен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 2021 жылдың басынан бастап iKOMEK қызметкерлері 38 миллион теңге сомасына 16000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Құқық қорғау органдарына 100-ден астам қылмысты ашуға көмек көрсетілді. Қалалық ПД экологиялық полиция бөлімімен бірлесіп, санкция­ланбаған қоқыс үйінділерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, олар елорданың экологиясына теріс әсер етеді. Сондай-ақ операторлар қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы мезгілсіз қардан, су тасқыны мен жаңбыр кезінде су басу фактілерін, ашық құдықтарды және ТКШ саласындағы басқа да оқиғаларды анықтады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button