Елорда тынысы

Ілияс Жансүгіров көшесі жабылады

Ілияс Жансүгіров көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы І. Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 9 қыркүйек сағат 20:00-ден 11 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет» — делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button