Ел тынысы

Имамдар экоакцияны қолдап, қалалық зират аймағын тазартты



Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында қалалық зират аймағында сенбілік өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Тазалық жұмысына Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқали, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров пен орталық қызметкерлері және мешіт жамағаты қатысты.
Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің сөзінше, акцияға 70-тен астам адам қатысып жатыр.

«Экоакциясы аясында Дін істері жөніндегі басқарма, Діни бірлестіктер мен Діндерді зерттеу орталығының қызметкерлері бірге акцияға ат салысып жатыр. Бүгін қалалық зират айналасын қоқыстан, әсіресе құрылыс қалдықтарынан тазалап жатырмыз. Жалпы шараға 70-тен астам жамағат қатысып жатыр», – деді Қайролла Көшқали.

Тазалық жұмысы алдымен Құран бағыштаудан басталды. Әрі қарай акцияға қатысушылар аумақта тазалық жұмысын жүргізді.

«Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көп игі іс жасалып жатыр. Бүгін мешіт имамдары мен шәкірттері орталық зиратқа келіп, сауапты іс жасауда. Жалпы имани тәрбиеге мән беретін болсақ, тазалық-иманан деп айтамыз. Кешегі бабаларымыз үйінің жан-жағын тазалап, әрқашан көктем-жазға дайындық жүргізген. Сондықтан ең бастысы тазалықты ұстану керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button