Имамдар біліктілігін арттырды
Бүгін Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елорда имамдарының біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Іс-шара Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – имамдардың біліктілігін арттыру және білім деңгейін көтеру болып табылды.
Қатысушылар үшін Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қ.Д. Көшқали, Астана қаласының бас имамы Е.Н. Жүсіпов, «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD А.Ш. Жамашев, психолог, PhD Ә.А. Төлегенова, теолог Д.Д. Сақан баяндама жасап, модератор ретінде дін мәселелері бойынша сарапшы А. Нұрахметұлы сөз сөйледі.
Шарада қоғамдық келісім мен тұрақты дамудың басты қағидасы ретінде зайырлылыққа, дін қызметкерлерінің халықпен қарым-қатынасына, оңалту саласындағы өзекті мәселелерге, психологиялық әдіс-тәсілдерге, әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен өзін-өзі ұстау мәдениетіне және т.б. ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, бұл семинар Астанада әкімдігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді.