Қоғам

Имандылық жолындағы аналар қызметі

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйелдер қыздар секторындағы шәкірттерге арналған «Құран – нұрдан тәж» атты рухани кеш аясында Аналар мектебінің жұмысы талқыланып, құрамы толықты.

[smartslider3 slider=2196]

Мешіттің Әйелдер-қыздар секторына қарасты бұл мектеп «бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербеткен» әйелдер қауымының жамағат арасында дәстүр мен дін сабақтастығын насихаттап, жат ағымның алдын алу, жас буынға тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылып, тұрақты жұмыс істеп келеді.

Осы ретте жұмысты жандандыру үшін мектеп құрамы көргені көп, өмірлік тәжірибесі мол, ата дәстүріміз бен дін құндылықтарын жақсы меңгерген аналармен толықты.

Аналар мектебі алдағы уақытта дін мен дәстүр сабақтастығы аясында түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастыруды көздеп отыр.

Имандылық жолындағы әйел-­аналардың белсенділігі ерекше. Өткен аптада елордада әйел шәкірттер «Құран әліппесін» тәмамдады. Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Діни сауат ашу курсында оқитын әйел шәкірттерге арналған «Құранмен қауышу» шарасы өтті.

Оқу жылының ортасына таман жаңадан қабылданған шәкірттердің «Құран әліппесін» толықтай меңгеріп шығуына орай ұйымдастырылған шара аясында 60-тан аса қыз-келіншекке арнайы анықтама қағазы табысталды.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Динара Құтқожақызы, Эльмира Бұхарбаева және Зарина Шамидуллақызы шәкірттерге бүгінгі шараның мән-маңызын түсіндіріп, діни білім жолындағы алғашқы белестерімен құттықтады. Құран оқудың пайдасы мен сауабы жайында насихат айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Шараға қатысушы шәкірттердің барлығына арнайы анықтама қағазымен бірге қасиетті Құран кітабы сыйға берілді.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button