Жаңалықтар

ИМАНЫ АЗДАН ШОШЫДЫМ

Соңғы жылдары мешітке баратын адамдарға құрметпен қарайтын болғанмын. Бейсенбі, жұма күндері аптаның жұмыс күніне сәйкес келетін болғандықтан, іштей өкініп қоямын. Сенбі, жексенбі күндері үйден шыға алмайсың, Балалар кішкентай. Тұңғышым ортаншымнан бір-ақ жас үлкен, сабағын қадағала десең, кішісі тыңдай қоймайды. Төртеуінің басы қосылса, міндетті түрде бір нәрсені бүлдіреді. Сонымен, кір-қоңын жуып, қонақ күтіп, бір күнгі демалыста отыңның басында төрт көзіміз түгел отырғанды дұрыс көресің. Расы, керек, әуелде «жұма күнінен басқа күндері бару жөн емес шығар» деп ойлайтынмын. Басқалардан ашып сұрауға қысыламын. Абайлап сұрастырсам, мешіттің есігі аптаның қай күні, тәуліктің қай мезгілі болса да, ашық дейді! Қуанып кеттім. Бір күні үй шаруасын жұмыстан келген күні түнімен атқарып, ертеңгі сенбі күні таңертең мешітке жиналдым. Сөйтсем, бұл күні де адам аяғы басылмайды екен. Көппен бірге кіріп, төркінімнің, күйеуімнің әулетінде дүниеден өткендеріне Құран бағыштатып, садақамды беріп, шығып келе жатқанмын. Көктем. Күн жылы. Биік өкшелі туфлиімді киіп алғанмын. Көңілім орнына түсіп, сыртқа қуанып шықтым. Сәл болмай, көңілім су сепкендей болды. Теп-тегіс жерде тобығым тайып, омақаса құламасым бар ма! Мешіттің дәл алды. Өтіп жатқан жұрттан ыңғайсызданып, орнымнан тез тұрмаққа әрекеттендім. Аяғымды баса алмаймын. Бір жамбастап отырған күйі амалсыз, «тұруға көмектесіңіздерші?» деп жалт-жалт қараймын. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, ерсілі-қарсылы өтіп жатқандардың бірде-бірі «сізге не болды?» деп қайырылған жоқ. Менің шошынғаным – солардың барлығы да, иман іздеп, мешітке келе жатқандар мен қайтып бара жатқандар…

Сандуғаш ҚАРАХАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button