Экономика

ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ

индустриалдыҚазақстан экономикасының дамуындағы оң үдеріс елімізде әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын өсіруді қамтамасыз етіп отыр. Экономиканың бүкіл салаларының тұрақты өсуі, халықаралық қауымдастықтың елімізді мойындауы Қазақстан қоғамының берекелі өмірінің негізі болып отыр.

«Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлем­дік нарықтың құрылымы мен қажет­ті­ліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетіс­­тік­тер қоршаған ортаны ғана емес,­ адам­ның өзін трансформация­лап,­ күн­делікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қаты­су­шы­лары болуға тиіспіз» деген еді. Ал, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында Мемлекет Басшысы «үдемелі индустриалды-инно­ва­циялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы ел өнеркәсібін жаң­ғыр­­ту­дың басты бағдары болып қала береді» деп атап көрсетті.

Елбасы мәлімдегендей, «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, ұлттық мем­ле­кет­тіліктің мызғымас, берік жүйе­сі­нің негізін қалады, ішкі саяси­ тұ­рақ­тылыққа қол жеткізіп, ұлт бірлігін қамтамасыз етті. Қазақстанның тәуел­­сіз, қалып­тасқан, егеменді ел ретін­­дегі халықаралық беделі де өсті. Эко­номикадағы жан басына шақ­қан­да­ғы ішкі жалпы өнім көлемі 2012 жылы 1993 жылмен салыстырғанда 1,5 мың доллардан 12 мың долларға жетіп, 7 еседей өсті. Еліміздің алтын валюталық резервтері 87 миллиард­ дол­лар­дан асып, ІЖӨ-нің 49%-ын құрады.

Еліміз макроэкономикалық тұрақ­ты­лық мәселесін шешуде де елеулі нәтижеге қол жеткізді. Ұлттық қорда жинақталған қаржының арқасында 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан да басқа елдермен салыстырғанда жеңілірек шыға алды. Жаһандық дағ­да­рыстан кейінгі 2010 жылғы Қазақ­стан экономикасының өсу қарқыны 7,0%-ды құрауы, тұрақтылықтың дәлелі бола алары сөзсіз.

Халықаралық валюта қорының сарап­шылары 2012 жылғы Қазақ­стан­ның экономикалық өсу қарқынына жоғары баға бере келіп, Республикамызды «аймақтық экономикалық держава» деп мадақтады. Ұлы­бри­та­ния­ның экономикалық сарапшылары өткен онжылдықтағы ең жоғарғы қар­қын­ды 25 экономиканың ішін­де­ Қазақ­стан экономикасын 3-орын­ға қойып отыр. Мемлекет бағ­дар­ла­ма­сының тиімділік өлшеуіштері ретін­де бағаланған нысандық инди­ка­тор­лардың орындалуы да көңіл­ге сенім ұялатады. Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Статистика Агенттігінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанның ІЖӨ көлемі 2011 жылы 7,5%-ға өсіп, 27 триллион теңгені құраған, ал мемлекеттік бағдарламада 23 триллион теңге деңгейіне тек 2015 жылы қол жеткізу көзделген болатын. Өт­кен­ жылы да экономика қарқыны салыс­тыр­малы дәрежеде жоғары болып, ІЖӨ көлемі 30 255 теңгені немесе 201,7 млрд долларды құраса, биыл қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіш 14 153 млрд долларды­ құра­ды, бұл экономика өсуінің 5,1%-ға тең болғанын көрсетеді. Әрине, эко­но­миканың өсуіне әлемдік нарық­та­ғы энергоресурстар мен шикізатқа деген сыртқы коньюнктура (баға нар­қы) оң сеп­тігін тигізді, сонымен қатар­ «Қазақ­стан-2050» әлемдік дамы­ған 30 елдер қатарына қосылу жаңа Стра­те­гиясының басталуы да эко­но­ми­каға қосымша қарқын қос­ты. Алайда, 2013 жылғы индикатор орын­дал­ған жағдайда ІЖӨ 5,25%-ға өсуі көзделген болатын, қол­ жет­кен нә­ти­же әзірге мұнай шыға­ру­дың ұл­ғаюы мен биылғы ауыл шаруа­шы­лы­ғындағы қолайлы жағ­дай­лар­ға тәуелді екенін жасыра­ алмаймыз. Мәселен, былтыр 2011 жылмен салыстырғанда көмір шығару 101,7%-ға, табиғи газ 103,1-ға, металл рудалары -104,3%-ға, ал мыс-цинк рудасын шығару 114,6%-ға, қорғасын-цинк рудасы 105,8%-ға, мыс рудасы – 111,5-ға ұлғайған. Өнім өңдеу саласының салыстырмалы көрсеткіші аталған мерзімде 100,7%-ды құрады. 2012 жылы ІЖӨ құрамындағы товарлық өнім үлесі 40,7%, қызмет көрсету 52,9% деңгейінде болған. Өндіріс көлемінің табиғи индексі (таза, бағаға тәуелсіз көрсеткіш) товарлар үшін 98,7%-ды құрап 1,3% кемігенін көрсетсе, ал қызметтер 110%-ды құрап, 10% өскенін дәйектейді.

Заманауи жоғары дамыған елдің негізгі бәсекеге қабілеттілік басым­ды­лығы адами капиталдың сапасына­ және тұрғындардың тұрмысын қам­та­ма­сыз ететін факторларға тікелей тәуелді. Соңғы жылдардағы эконо­ми­калық өсу және мемлекет жүргіз­ген­ белсенді әлеуметтік саясат ел азамат­та­рының өмір сүру деңгейін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

Соңғы үш жыл ішінде эконо­ми­ка­мыз­дың нығаюы арқасында еңбекпен қамту деңгейін жыл сайын 2,5%-ға арттыруға қол жеткізілді. 2012 жылы экономикалық белсенді тұрғындар саны 8’981,9 мың адамға жетіп, салыстырып отырған кезеңнен 2,4%-ға көбейген. Жұмыссыздар саны 0,4%-ға­ өсіп 474,8 мың адамға жетті. Ал жұмыс­сыз­дық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындардың 5,3%-ын құрады. Өткен жылдың желтоқ­са­нын­дағы жұмыскерлердің номиналды жалақысы 127’405,4 мың теңгеге жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда атаулы күйде – 12,5%, шынайы күйде -7%-ға өсті.

Қазақстан экономикасының да­муын­­да­ғы оң­ үде­ріс елімізде әлеу­мет­­­тік тұрақ­ты­лық пен халықтың әл­-ау­қа­тын өсіруді қамтамасыз етіп отыр. Экономиканың бүкіл салаларының тұрақты өсуі, халықаралық қауым­дас­тық­тың елімізді мойындауы Қазақ­стан қоғамының берекелі өмірінің негізі болып отыр. ҚР Президентінің әлемдік дамыған 50 ел қатарына қосылу тапсырмасы орындалып, Әлем­дік эко­но­ми­калық форумның жаһан­дық рейтингі бойынша биыл Қазақ­стан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-інші ел болып танылды. Қорыта айтқанда, дүниежүзі мойындап отыр­ған­ эко­но­ми­каны өркендетудің бірден-бір озық жолы индустриалды-ин­но­ва­ция­лық даму бағытында рес­пуб­ли­камызда көптеген игі шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атқарылған жұмыстан алда атқарылатын іс көп. Тек, ел болып бірлесіп, жұмыла күш біріктірсек, әлі талай биікті бағын­ды­ра­ры­мыз анық.

 

Жангелді ШЫМШЫҚОВ,

экономика ғылымының кандидаты, профессор

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button