Жаңалықтар

ІҢГӘЛАҒАН ЕЛОРДА

42-15487565

Астананың демографиялық ахуалы жыл сайын жақсарып келеді. Өзге қала­дан қоныс аударатындардың көптігін айт­пағанда,  күніне  елорда перзентханаларында 70-80 сәби дүние есігін ашады.

Қала емханаларына жылына орта есеппен 35 мыңдай адам тіркелетіні көп жайтты аңғартса керек.

«Бір төл туса, бір түп жусан артық өседі» дейді халқымыз. Елордада халық санының жылдам әрі қарқынды өсуі белсенді көші-қон үдерісі мен бала туу көрсеткішінің артуына байланысты. Әрине, бұл ретте денсаулық сақтау сала­сының орны ерекше. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқар­ма­сының мәліметіне сүйенсек, қаңтар-тамыз айлары аралығында 18446 бала дүниеге келген. Ай сайын 2000-нан астам сәби туылады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 7,1 пайызға артық.

Гүлмира Аймағанбет

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button