Жаңалықтар

Инкассатор құрықталды

Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы ер адамды ұстады.

[smartslider3 slider=1624]

Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Тергеу барысында күдіктінің инкассатор болып жұмыс істеп, терминалдан ақша жинағаны анықталды. Жұмыстан шыққан ол автоматтардың бірінің кілтін бермей кеткен. Кешкі уақытта ол Magnum супермаркетіне келген. Терминалға жақындаған ол құрылғыны кілтпен ашып, 3800000 теңге ақшаны алған. Сосын байқатпай ақшаны сөмкеге салып, белгісіз жаққа кетіп қалған. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button