Ел тынысы

Инновациялық дәрі-дәрмек өндіріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық «Roche Holding AG» фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады.

Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Roche Holding AG» компаниясы арасында қол қойылды.

Кристоф Франц Президентке қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев университеті медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кездесуде Қазақ­станда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button