Ел тынысы

Инновациялық шешімдерді дамытуға мүмкіндіктер жасалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы болашақ мамандарды даярлауда шешуші рөл атқаратын «AI-Sana» инновациялық бағдарламасының маңыздылығын да атап өтті.

Стэнфорд жоғары білім беру мектебінің бас технологиялық директоры Пол Кимнің қатысуымен әзірленген бұл бағдарлама DeepTech стартаптарын қалыптастыру және инновациялық шешімдерді дамыту үшін мүмкіндіктер жасай отырып, біздің жас таланттарымыз үшін нағыз трамплин болады.

«AI-Sana» бағдарламасы студенттер мен оқытушылардың жаңа ойлауын қалыптастыру құралы ғана емес, сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарының дәстүрлі білім беру тәсілінен ғылыми-зерттеу тәсіліне көшудегі маңызды қадам. Біз жаңа технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында ел үшін маңызды міндет болып табылатын технологиялық бағдарланған қоғамды қалыптастыру үшін идеологиялық негіз құруға бағытталғанбыз.

Бұл бастаманың маңызды элементі – ең күрделі ғылыми мәселелерді шешуде шешуші рөл атқаратын суперкомпьютерлер. Қазақстанда, оның ішінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да жалпы өнімділігі 2 PFLOPS болатын академиялық кластер іске қосылады.

Бұл суперкомпьютерлер ғылыми зерттеулерге жаңа мүмкіндіктер ашады, ғылыми жұмыстарды жариялау процесін жеделдетеді және озық технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.

«AI-Sana» үздік әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарын біріктіретінін атап өту маңызды, бұл Қазақстан жастарына серпінді технологиялар саласында өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік туғызады. Бағдарлама елдегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге көмектесіп қана қоймай, студенттік кезден бастап стартап-ұлтты қалыптастыру жолындағы маңызды кезең болады.

Осылайша, «AI-Sana» технологиялық көшбасшылықтың ұлттық идеологиясын нығайтатын және технологиялық әрі кәсіпкерлік бастамалар арқылы Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ететін стратегиялық жоба.

Саясат Нұрбек, 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button