ЖаңалықтарҚала тіршілігі

«Интернациональный»  инфрақұрылымы – назарда

Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмырзаев тұрғын алаптардағы ауқымды инфраструктуралық жобалардың орындалу барысын тексерді.

[smartslider3 slider=547]

Оның айтуынша, «Интернациональный» тұрғын алабындағы 3 көшеде инженерлік желілер (нөсер кәрізі, шаруашылық-тұрмыстық кәріз, сумен қамту жүйесі), жол құрылысы жұмысы жүріп жатыр. Сүткент көшесіндегі 30, 30/1 үйлердің маңайында жылу жүйесін жүргізу жұмысы аяқталды.
Сондай-ақ аудан басшысы тұрғын үйлердің аумақтарын, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді аралады. Ауданның санитарлық жай-күйін, жарықпен қамтылуын назарға алды. Аялдама павильондары да тексерілді.
Аралау барысында бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, А. Бөлекбаев көшесін жарықтандыру жұмысын тез арада аяқтау; Күйші Дина, 7, Абылай хан даңғылы, 49, 49/1, Жирентаев, 2 мекенжайларында аяқталған нысандар бойынша кіші сәулет кешендерін жөнге келтіру; Бурабай көшесіндегі аялдаманы және Ш.Құдайберді даңғылындағы футбол алаңына жөндеу-қалпына келтіру жүргізу; Тәуелсіздік даңғылын, И. Панфилов көшесін Есіл өзеніне дейін санитарлық тазалау жұмысын күшейту; Оқушылар сарайына дейінгі жолдағы бұзылған тас төсеніштерін қалпына келтіру.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button