Жаңалықтар

Интернет арқылы азық-түлік алуға бола ма?

«Астана ақшамы» газеті елордадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Бұл жолы зерттеуге тұрғындардан тапсырыс қабылдап, үйге дейін жеткізу қызметі қарастырылған «Астықжан», «Метро» және «Евразия» секілді сауда үйлерін алдық.

016

Аталмыш дүкендерде азық-түлік түрлеріне таңдау жасау ыңғайлы. Үйде отырып-ақ іздеу жүйелері арқылы қажет тауардың түрін, бағасын салыс­тыра аласыз, тіпті шығарушы кәсіпорын туралы да анықтама алуға болады.
Сонымен, қала шетінде ор­на­ласқан «Метро» супер­маркетінде көптеген тауарларға жеңілдік қарастырылған. Арнайы акция аясында кейбір азық-түлік түрлерін екі есе арзан бағаға алуға болады.
«Астықжан» дүкенінің ин­тернет дүкені жоғары жыл­дамдықпен жұмыс істейді екен. Қалаған затыңызды себетке салып, бағасын біліп алғаннан кейін тапсырыс бере беруге болады. Ал «Евразия» сауда үйі қаланың ішінде болғандықтан, кейбір бағалар жоғары. Мә­селен, картоп – 120, пияз – 160, қызылша – 150, қырыққабат 120 теңгеден сатылуда.
– Жұмыстан тыс бос уақытым бола бермейді. Сондықтан «Астықжан» дүкеніне интернет арқылы тапсырыс беремін. Онда жемістің, көкөністің түрлеріне таңдау мол, бағасы да қолжетімді. Жеткізу құны да көңілімнен шығады. Әсіресе, апта сайын бағаларды бақылауға мүмкіндік көп. Жеңілдіктер маусымында тек азық-түлік түрлерін ғана емес, басқа да тауарларды арзан сатып алуға болады, – дейді қала тұрғыны Гүлжамал Оразқызы.

017-1
Жалпы, Астана қаласы әкімдігі елордадағы базар сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық түрлеріне күнделікті талдау жасайтынын айтқан едік. Соңғы жүргізген зерттеуге сүйенсек, кейбірінің бағасы арзандаған. Мысалы, пияздың бағасы 109 теңгеден 105-ке, қызылша 132 теңгеден 130-ға түскен. Мониториг бойынша күріштің орташа бағасы – 305, бірінші сұрыпты бидай ұны – 144, ұнтақ жармасы – 200, қарақұмық жармасы – 360, сұлы жармасы – 218, арпа – 140, тары – 250, кеспе – 190, сиыр еті – 1348, қой еті – 1400, тауық еті – 670, сүт – 195, айран – 225, сүзбе – 1400, ірімшік – 1650, жұмыртқа – 280, сары май – 1340, күнбағыс майы – 450, қырыққабат – 110, пияз – 105, қызылша – 130, сәбіз – 125, картоп – 135, қант – 305, тұз – 51 теңге.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button