Басты ақпаратЕлорда тынысы

Интернет игілігі қолжетімді

ХХІ ғасырдағы өркениетті қоғамды анықтайтын бірнеше критерийі бар. Соның бастысы – жоғары жылдамдықты интернет. Өйткені интернетсіз сапалы қызмет алу мүмкін емес. Кеше елорданың «Көктал-2» жаңа шағын ауданының алғашқы абоненті интернетке қосылды. Тұрғындар талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалана отырып, жоғары жылдамдықты интернет және цифрлық телевидение қызметімен қамтамасыз етілді.

Осындай қуанышты шараға Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов, Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Берік Ахметов қатысып, көкталдықтардың қуанышына ортақтасты.

«Көктал-2» шағын ауданының алғашқы абонентті интернетке қосылды. Тұрғындар талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалана отырып, жоғары жылдамдықты интернет пен цифрлық телевидение қызметімен қамтамасыз етілді.

– Жалпы 4 жылдан бері елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етудеміз. «Көктал-2» аумағын жыл аяғына дейін толық аяқтаймыз. Бұл ауданда жобамен 700 абонемент бар. Егер тұрғындар өтініш берсе, біз жоғары жылдамдықты интернетті қосып береміз. Жоспар бойынша «Қосшы-1», «Агроқалашық» және бас қаланың оңтүстік-шығыс аймағында интернет қосуға жұмыс істейміз, – деді «Казахские домашние сети», ТМ «Almaline» ЖШС-ның директоры Данияр Азнаков.

Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағанасы мен электр желісінің бойымен жұмыс істейді. Интернетке Баршын, Құланөтпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және т.б. бойында орналасқан 200 шаруашылық қосылуға дайын.

Сервистік компания Баршын көшесі 28/1 үйіне интернетті бір жылға тегін қосып берді. Бақытты шаңыраққа бас сұққанымызда Динара Тілеуханова қарсы алып, отағасы жұмыста екенін айтып, төрін ұсынды.

– Бұған дейін мобильді интернетті тұтындық. Қаланың шеткі аумағы болғандықтан, байланыста ақау болмай тұрмайды. Ондай кезде интернет істемейді. Қазір интернетсіз қолыңды байлап тастағанмен тең. Енді, міне, желіге жалғасып, өркениетке қосылып отырмыз. Қала әкімдігіне рахмет айтамын, – дейді көпбалалы ана қуанышын жасырмай.

Мәслихат хатшысы Ерлан ­Каналимов интернетке тегін қосуды растайтын сертификатты табыстады. Сосын оператордан интернеттің сапасын сұрап, жылдамдығын тексерді.

GPON технологиясының (Gigabit Passive Optical Network) артықшылығы, абонент – жоғары жылдамдықты және қажетсіз сымдарсыз бір желіде бірден бірнеше цифрлық қызметті қосу мүмкіндігіне ие болады.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button