Елорда тынысы

Интернет сапасы жақсарады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындардың интернет сапасы мен жылдамдығына қатысты шағымдарына қатысты пікір білдірді

«Елорда тұрғындары тарапынан интернеттің сапасы мен жылдамдығына қатысты шағымдар түсіп жатыр. Қаламызда мұндай проблемалар бары жасырын емес. Негізінен, құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандар мен елді мекендерде кездеседі. Сол сияқты интернет құрылыс қарқынына ілесе алмайтын сәттер де болып тұрады. Бұл мәселеде құрылыс компаниялары байланыс құрылысын қоса ескеруін, ал байланыс операторлары мен өзге де жауапты органдар құрылыстың жоспарына қатысуын қарастырамыз. Осындай өзекті мәселелерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен, «Қазақтелеком» басшысы Қуанышбек Есекеевпен, ұялы байланыс операторларының өкілдерімен және т. б. бірлесе талқыладық.

Қалада интернеттің сапасын жақсарту үшін бірнеше механизмді қолданамыз. Олар – оптикалық байланыс желілерін, антенна-діңгек құрылысын, FWA (Fixed Wireless Access) технология­сы бойынша базалық станцияларды орнату. Бұл жұмысқа инвесторларды да жұмылдырамыз.

Сонымен қатар жарықтандыру және электр желісінің тіректері бо­йынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды, бұл елді мекендердегі интернет сапасын едәуір жақсартады. «Көктал-1», «Агроқалашық», «Интернациональный», «Оңтүстік-Шығыс», «Промышленный», «Тельман», «Мичурин», «Қазқалашық», «Кирпичный» елді мекендерінде оптикалық байланыс желілерін салу жұмысы жүріп жатыр, тағы 3 елді мекен бойынша инвесторлар тартамыз. Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз. Қала күннен-күнге өсіп жатыр, ал елорда тұрғындары жыл сайын 50-60 мың адамға артып келеді. Қолда бар инфра­құрылымға мән беріп қана қоймай, болашақты ойлап, алдын ала дамыту қажет. Сол себепті алдымызда мұндай проблемалар санын азайту әрі құрылыс кезеңінде байланыс құрылымдарын қоса салу міндеті тұр» деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button