Қала мен Сала

Интернет сапасы жақсарды

Бүгінде бір күнді де интернетсіз елестету мүмкін емес. Бұл ретте бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаған мемлекеттер цифрлық технологияларды қолдануға жаппай көшіп жатыр. Ал елордада тұрғын аудандардың сапалы интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі оң шешілуде.

Қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Мейрамбек Аширбеков осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы байланыс операторларымен бірлесе отырып, байланыс пен интернет сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, елорданың тұрғын алаптарын интернетпен қамту бойынша бұған дейін Көктал-2 тұрғын алабы интернетке қосылған болатын. Тұрғындар талшықты-­оптикалық байланыс желілерін пайдалана отырып, жоғары жылдамдықты интернет пен цифрлық телевидение қызметімен қамтамасыз етіледі. Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағаналары мен электр желілерінің бойы­мен жұмыс істейді. Баршын, Құланөтпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және т. б. көшелер бойында орналасқан 200 үй қосылуға дайын.

– Сарыарқа ауданы, ­Көктал-1, 2 тұрғын алабы, Агрогородок – Инвестор «Қазақ үй байланыстары» ЖШС, бүгінге дейін Көктал-2 вокзалының бойымен 16 шақырым көше кабелі тартылды. 2022 жылдың 23 қарашасында Көктал-2 алғашқы абоненттері қосылды, Көктал-1 тұрғын алабында 7 шақырымнан астам көше кабелі тартылды. Абоненттерді қосу ағымдағы жылдың наурыз ­айына дейін жоспарланған. Есіл ауданы Үркер тұрғын алабы, Тельман – «Synergy Telecom» ЖШС инвесторы. Бүгінгі таңда Үркер т/а бойына 20 шақырым көше кабелі тартылды. Абоненттерді қосу жұмысы жүргізілуде, – деді М.Аширбеков.

Қалаға салынған инвести­цияның жалпы көлемі – 1,5 млрд. Елордада 16 тұрғын алап және 1 саяжай алабы бар, олардың 5 тұрғын алабында (Железнодорожный, Заречный, Пригородный, Үркер, Көктал-1), тағы 9 тұрғын алапта, нақтырақ айтсақ, Көктал-1, Агрогородок, Халықаралық, Оңтүстік-Шығыс, Индустриалды, Тельман, Мичурин, Казгородок, Кирпичныйда жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділігі бар оптикалық байланыс желілерін тарту жұмысы жүргізілуде, Қоянды, Күйгенжар, Өндіріс тұрғын алаптарына инвесторлар тартылуда.

Басқарма басшысының айтуынша, 2022 жылы АДҚ жол картасына сәйкес Үркер тұрғын алабындағы Доспамбет жырау және Оспан батыр көшелерінің қиылысында орнатылды. Сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) FWA технологиясы бойынша сымсыз интернетті іске қосты.

– «Қазақтелеком» АҚ-пен бірлесіп Үркер тұрғын алабындағы Малайсары батыр, Таукент, Ер Төстік, Мәди, Мұрын жырау, Омбы, Сырым батыр, Бойтұмар, Жасыбай, Смағұл Сәдуақасов көшелерін қамтыған 290-нан астам тұрғын үйді микротүтік арқылы қамтитын желілерді салу жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар «Астана-РЭК» АҚ-пен бірлесе, инвесторлардың толық қаржыландыруы есебінен елорданың тұрғын алаптарына электр беру және жарықтандыру бағаналары бойына оптикалық байланыс желілерін тарту мәселесі жіті бақылауда, – деді М.Аширбеков.

Абоненттерді қосудың тариф жоспары 4500 теңгеден басталады (жылдамдық 50 Мбит/с-тан 500 Мбит/с-ке дейін).

Бүгінгі таңда Үркер тұрғын алабында 20 шақырым көше кабелі тартылды. Сонымен бірге 50 абонент қосылды және 70 адамның өтініші бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button