Ел тынысы

Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу туралы брифинг өтті

Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу туралы брифинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу туралы Сарыарқа ауданы ПБ бастығының орынбасары Жақай Жасұлан Мұқашұлының қатысуымен брифинг өтті.

Елорда аумағында ағымдағы жылы 1085 интернет-алаяқтығы тіркелген, 229 қылмыс ашылған. Азаматтарға келтірілген залал 500 миллион теңгеден асады. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде  қылмысты тіркеу 11,5%-ға төмендеген. Мәмілелер, ақша қаражаттарын сатып алу, аудару, мемлекеттік қызметтерді алу және т.б. қашықтықтан, жеке қатысудың қажеттілігінсіз жасалғаны, алаяқтар үшін қолайлы жағдайлар тудырады.

Елорда тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласы Полиция департаменті мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп волонтерлік қозғалыстарды жұмылдыра отырып, тұрақты негізде іс-шаралар мен акциялар өткізеді. Бүгінге дейін интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау туралы түсіндірмелері бар буклеттер мен жадынамалар тарату бойынша акциялар ұйымдастырылып, оқу, медициналық мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда дәрістер өткізіліп келеді. Жерге трафареттер салынып, сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, базарларда, супермаркеттерде аудио таратылып, қалалық автобустарда аудио-бейнероликтер көрсетілуде және әлеуметтік желілерде профилактикалық сипаттағы материалдар таратылуда.

Алаяқтардың негізгі схемалары: жасанды интеллектті пайдалану арқылы банктердің қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар, әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларда тауарлар мен қызметтерді сату, фишингтік сайттарды пайдалану, криптовалютаға, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялау, What’s App мессенджеріне заңсыз қол жеткізу.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button