Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ ӨҢІРДІ ӨРКЕНДЕТУДЕ

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі баспасөз мәслихатын бұл жолы Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев өткізді. Аймақ басшысы
алдымен облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикалық рейтингте бірінші орынға табан тірегенін мәлімдеді.

«Өнеркәсіптегі көрсеткіштердің өсіміне үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдар­ла­масының аясында жаңа өндіріс ошақтарының ашылуы мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялау ықпал етуде» деді Қ.Бозымбаев. Өңірде бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 29 кәсіпорын іске қо­сылып, 4 мың шамасында жұмыс ор­ны ашылған. Инвестиция мөлшері 20 млрд теңге болатын 8 жоба биыл жүзеге асырылды.
Облыс әкімі Тараз қаласындағы әуежайды қалпына келтіру қараша айында аяқталатынын жеткізді. «Бұл қазіргі заманғы ұшақтардың барлық түрін қабылдауға мүмкіндік береді. Аталған мақсатқа 3,4 млрд теңге бө­лінді. Сондай-ақ әуежай иелері жолаушылар терминалын қалпына келтіріп жатыр. Оған тартылған инвес­тиция 1,8 млрд теңге» деді ол. Сонымен қатар, өңірде баламалы энергия көз­дерін өндіру саласында төрт ірі жоба жүзеге асырылмақ. Бұған 370 млн доллар инвестиция тартылады. Қ.Бозымбаевтың айтуынша, жобаларды жүзеге асыру жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 40 пайызға жеткізуге мүм­кіндік береді.
Келесі жылы облыстағы алпысқа жуық елді мекенге газ тартылады. «2009 жылдың басында 373 елді мекеннің 58-іне ғана газ тартылған еді. Төрт жылда көгілдір отын тағы 30 ауылға жеткізілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазіргі күні 88 ауылдың тұрғындары газбен қам­тамасыз етілген» деді өңір басшысы.
Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button