Жаңалықтар

Инвестиция көлемі өсті

2021 жылдың 11 айы­ның қорытындысы бо­йынша бас қаладағы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының негізгі көрсеткіштері 1 трлн теңгеден асты.

[smartslider3 slider=1616]

Нұр-Сұлтан қаласы ­Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметтері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,8 пайызға өсіп, 1041,3 млрд теңгені құрады. Өндірілген өнеркәсіптік өнімдер көлемі 14 пайызға ұлғайып, 1228,3 млрд теңгені құрады. Өнімді қайта өңдеу өнеркәсібінде 1100 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларына: металлургия, машина жасау, минералдық өнімдер өндірісі, сусындар өндірісі, азық-түлік өнімдері жатады.

Бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 1312,1 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға артық. Көтерме саудадағы тауар айналымының көлемі 3856,1 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға көп. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,5 пайызға өсіп, 159,6 мыңға жетті. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 401131-ге көбейді, бұл көрсеткішті 2020 жылмен салыстырсақ, 11,9 пайызға артық. Шағын және орта бизнес субъектілері биыл алты айда 3981669 млн теңгенің тауарларын шығарған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button