Қала тіршілігіЭкономика

Инвестициялар ұлғайып келеді

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестициялардың оң серпіні байқалады. Инвестиция көлемі 731,1 млрд теңгені құрап, 5,3 пайызға артты. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметі бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі құрамдас бөлігі – құрылыс-монтаждау жұмыстары және күрделі жөндеу.

[smartslider3 slider=569]

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 547,6 млрд теңгені құрады. 2021 жылы өңірлік үйлестері кеңесінің (ӨҮК) 5 отырысы өткізілді, оның шеңберінде жалпы сомасы 443 млрд теңгеге 68 жоба қолдау тапты.
Биыл 2000-нан аса жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтсақ, ол – жалпы құны 627,24 млрд теңгені құрайтын құрылыс материалдары, жабдықтар, лифтілер өндірісі және жекеменшік білім беру мекемелерін салуға қатысты жобалар. Соның ішінде қазіргі уақытта пайдалануға берілген нысандар мыналар:

  1. «Tamos Space School» ЖШС жекеменшік мектебі, инвестиция көлемі – 3,5 млрд тг., 800 оқушы орны, 100 жұмыс орны ашылды;
  2. «Нұрлы-Астана» жалпы білім беретін мектебі (Бахрейн), инвестициялар көлемі – 3,3 млрд тг., 1200 оқушы орны, 100 жұмыс орны ашылды;
  3. «FalconEuroBus» ЖШС электроавтобустар паркі, инвестиция көлемі – 4,5 млрд тг., 420 жұмыс орны ашылды;
  4. «Quantum STEM SCHOOL» (BI Group) жекеменшік мектебі, инвестиция көлемі – 5,6 млрд теңге, 1032 оқушы орны, 105 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін қалған 9 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button