Экономика

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҒЫМЫЗ АРТАДЫ

с М.Ренци1, 12.06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республи­ка­сы­ның Премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесті. Кездесу бары­сында Қазақстан мен Италия ынтымақтастығының сауда-эко­но­микалық және инвестициялық салаларды қамтыған басымдығы бар бағыттары талқыланды.

«Италия – біздің ірі сауда және инвестициялық серіктесіміз, біз өзара ықпалдастығымызға жаңа серпін бере аламыз. Мен сізді біздің елге ресми сапармен де келуге шақырамын» деді Президент.

Италия Премьер-министрі өз кезегінде Мемлекет басшысына осы кез­десу үшін алғысын білдіріп, Қазақ­станға ресми сапармен келу туралы шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алатынын айтты. Айта кеткен жөн, келіссөздер барысында мұнай-газ, көлік, энергетика және ауыл шаруа­шы­лығы салаларындағы қарым-қатынас­тарды дамыту перспективалары қарастырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button