Қала мен Сала

Iqala қызметінің артықшылығы неде?

Астана қаласы әкімдігінің онлайн баспасөз қызметінде iQala қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы брифинг берді. Спикерлер ретінде қалалық Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлімінің басшысы Дінмұхамбет Хасенов пен iQala қалалық қызмет орталығының директоры Ботагөз Мустафина қатысты.

Қазір бүкіл әлем қызмет көрсету салаларын цифрландырып, халықтың өмір сүруіне ыңғайлы жағдай туындатуда. «Ақылды қала» қызметін үйлестіру тұрғындар үшін барынша қолайлы етуге және туристер үшін тартымды қылуға мүмкіндік береді. Сондай жобаның бірі – iQala.

– Орталықтың ыңғайлылығын онда көрсетілген қызмет түрлерінен аңғаруға болады. 2019 жылдың маусым-желтоқсан айында орталық 3701 қызмет көрсеткен болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш – 69560, 2021 жылы 148586 жетті. Жыл басынан бері келушілер 125000 қызмет алды.

iQala орталығы 140-тан астам қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде жылжымайтын мүлік иесі ауысқан жағдайда, коммуналдық мекемелерімен шартты жасау, техникалық және бірыңғай төлем шартын алуға сұраныс жоғары екенін көріп отырмыз.

Астана қаласының әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ бірлесе, коммуналдық қызмет түрін электронды форматқа көшірді. Енді iQala орталығының кеңсесі мен порталы арқылы елорда тұрғындары жылу, ауыз су, электр энергия, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметіне келісімшартты жасай алады, – дейді Дінмұхамбет Хасенов.

Қазір астаналықтар тарапынан газдандыру ісіне сұраныс артты. Осыған байланысты iQala-ға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың қызмет түрлері енгізілді. Табиғи газдан бөлек, орталық газ жүйесімен келісімшартқа отыру қызметі цифрландырылды.

– Ел аумағында Астана алғаш болып iQala орталығын құрып, монополиялық компаниялар мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдардың қызметін бір жерге шоғырландырып, бір терезе қағидасы бойынша қызмет етуде.

Жүйені автоматтандыру және цифрландыру, ашықтық және жария­лықты ұстану орталық қызметінің сапасын арттырды.

Мамыр айынан бастап iQala орталығы Сарыарқа ауданы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесіндегі №24 мекенжайы бойынша халыққа қыз­мет етеді. Бұл бағытта қоғамдық көлік көптеп жүретіндіктен, қала тұрғындарына ыңғайлы, – деді орталық директоры.

iQala – әлеуметтік жоба. Оның қызметі екі бағытта жүреді. Біріншісі онлайн қызмет ns.gov.kz арқылы жүзеге асса, екіншісі тұрғындар фронт-офиске келіп, тікелей консультациялық-кеңес қызметін алады.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button