Ел тынысы

Иран денсаулық сақтау министрі Астанада

Астана медицина университетіне Иран Ислам Республикасының Денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрі Бахрам Эйнуллах бастаған шетелдік делегаттар келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
       Оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыру жолдарын, атап айтқанда Иранның жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыруды, сондай-ақ екі жақтың мамандары мен білім алушыларының тағылымдамадан өтуді қарастыратын академиялық және ғылыми әріптестікті талқылады.
        Бұдан бөлек шетелдік қонақтарға жалпы ауданы 2 мың шаршы метр болатын университеттің симуляциялық орталығы көрсетілді. 2 қабатты алып жатқан орталық ECAQA-ның аккредиттеуінен өткенін айта кетейік. Сондай-ақ ирандық делегаттар оқу орынның мұражайына аялдап, оның құрылу тарихымен танысып қана қоймай естелік кітабына тілектерін жазып, қалдырды.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button