Елорда тынысы

Иран елшілігі астаналық оқушылармен кездесті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынның Ираннан келген қонақтары елордадағы мектептердің бірінде қонақ болды.

Елімізде ұйымдастырылып жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға әр елден келген шетел азаматтары көп. Солардың ішінде Иран Республикасы елшілігінен келген делегация тобы Астана қаласындағы № 91 мектеп-гимназиясына арнайы барып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Делегация құрамында Иран Республикасы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин болды. Аталған білім ордасы мен делегация арасында екі жылдан бері дипломатиялық жоба бойынша ынтымақтастық меморандумы бар.

Мектеп директоры Алмагүл Тілектесқызы атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырса, оқушылар ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен өнерімізді паш етті. Кездесуде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңыздылығы да айтылды. Жиын соңын Иранның мәдени өкілі ұлттық аспабтарында фольклорлық өнерін көрсетіп аяқтады.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button