Шаһар шежіресі

Ірі өндіріс орны еді…

Іргетасы 1942 жылы қаланған Целинсельмаш (Целиноградсельмаш) зауыты ауыл шаруа­шылығы машиналарын жасайтын аймақтағы ірі өндіріс орны болды.

Мұнда әсіресе шаруашылық науқаны кезінде аса қажетті тұқым сепкіш агрегаттардың қосалқы бөлшектері мен «Енисей» комбайнының орақтары шығарылатын.

«Менің әкем осы зауытта жұмыс істеді. Осы жерден балалар шанасын жасайтынын көрдім. Жиналмалы қондырғы қыста шана, жазда бөбектердің бесік арбасы ретінде жеп-жеңіл, пайдалануға өте ыңғайлы еді» деп еске алады қала тұрғыны Ләззат Бекеева.

Мына суретте (1985 жылдың тамыз айы) конструктор-жұмысшы Руслан Хасанов тұқым сепкіш агрегатын құрастыру үстінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button