Жаңалықтар

Әсет Исекешев «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

Елорда әкімі Әсет Исекешев «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

Нур Отан 2

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс XXIII конференциясы болып өтті. Кезектен тыс жиында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед саяси ұйымның Астана қалалық филиалының төрағасы лауазымына елорда әкімі Әсет Исекешевтің кандидатурасын ұсынды. Ашық дауыс беру барысында Әсет Өрентайұлының кандидатурасы конференцияға қатысқан 192 делегат тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

НурОтан

Сондай-ақ, Мұхтар Абрарұлы Астана қаласының бұрынғы әкімі әрі қалалық филиалдың төрағасы болған Әділбек Жақсыбековке партия жұмысын ілгерілетудегі атқарған еңбектеріне алғысын білдіріп, жаңа төрағаның жұмысына жетістік тіледі. «Мемлекет басшысы қала басшысы ретінде Ә.Өрентайұлын бекерден-бекер таңдаған жоқ. Өйткені, Астана қаласы жаңашылдық пен инновацияның орталығы болып отыр. Ал, Исекешевті осы саланың білгір маманы деуге болады. Әрі осы мақсатта жүктелген міндеттерді толықтай орындап шығады деп сенеміз» деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сондай-ақ, кезектен тыс жиында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button