Имантаразы

Ислам діні – имандылық діңгегі

Елбасы биылғы Жолдауында:
«Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек..» деген еді. Ендеше, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін не істеу керек? Бұл бағытта мемлекеттік органдар діни сауаттылықты қалай жетілдіруде?

Данияр Талмұратов,
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық және саяси жұмыс департаментінің директоры:

– Экстремизм мен терроризмнің негізгі объектісі – 29 жасқа дейінгі жастар. Бүгінде жастар арасында оның алдын алу үшін үкіметтік емес ұйымдармен және экстремистік іс-әрекеттерге қарсы ақпараттық бағытта жұмыс істейміз. Экстремизмге қарсы күрес бойынша 28 ұйым құрылған. Бұл ұйымдар қоғамдық негізде жұмыс істейді. Ешқандай табыс табуды немесе діннің мүддесін көздемейді.

Теріс ағымдағы ұйымдардан зар­­дап шеккендерге әртүрлі тегін көмектер көрсетеді. Мұн­дай орталықтар жас­тарға объективті, шынайы ақпарат береді. Психологиялық, әлеуметтік, құқық­тық көмек көрсетіледі.

Дәстүрлі емес діни ұйымдар туралы ақпарат тарату қолға алынды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік тапсырыс не­гізінде конкурстар жарияланды.

Қазіргі таңда 13 орталық өз жұ­мысын жандандыруда. Әлеуметтік жобаларды іске асы­руға 2009 жылы 40 млн теңге бө­лінсе, 2013 жылы 100 млн теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.

БАҚ туралы айтар болсақ, 1990 жылдары елімізде бар болғаны онға жуық республикалық газет-журнал болды. Бүгінде олардың саны 2111-ге жетті. Әрі қарай да діни экстремизмге қарсы бағыттағы ақпараттық кеңістікті дамыту, жастар арасында осы жұмыстарды жандандыруға бағытталған іс-шаралар дами түсетін болады.

Бақтыбай Бейсенбаев,
Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің бас имамы:

– Сан ғасырлар бойы ислам ді­нін ұстанған ата-бабаларымыз ұлт­тық сана, салт-дәстүрін осы дін­мен ұш­тас­тырып, лайықты сақ­­тап, оны ұрпақтан ұрпаққа жал­­ғастырып келген. Аңсаған тә­уелсіздікке бүгінгі күні қолымыз же­тіп, әлем мойындаған егемен ел бол­дық. Сіздер мен біздердің борышымыз – осы тәуелсіздігімізді берік ұстау.

Ислам діні өзгенің өмірін қиюға, мүлкіне қол сұғуға, тыныштығын бұзуға түбегейлі қарсы. Бұл «терроризм» деп аталады. Ол қорқыту, үркіту, нақақ адамды өлтіру, үй-жайды, мекемелерді жару, адамдарды кепілдікке алу, тартып алу деген мағынаны білдіреді. Асыл дініміз барлығымызды осын­дай әрекеттегі адамдардан, көз­­қарастардан аулақ болуға ша­қырады. Исламның және шынайы мұсылманның терроризммен еш­қандай ортақтығы жоқ. Ислам татулық, амандық, тыныштық, бейбітшілік, сенімділік деген ма­ғынаны білдіреді. Күллі мұ­сыл­ман бес уақыт намазын оң және сол жағына сәлем беру арқылы күллі әлемге амандық, тыныштық ті­леумен аяқтайды.

Бүгінде әр мешітте діни та­ным­­дарға байланысты сауат ашу сабақтары тұрақты ұйым­дасты­рылып келеді. Оған көбіне ата-аналар, апа-әжелер қатысуда. Олардың мақсаты – үйдегі баласына, немересіне тәрбие беру үшін, алдымен өзі үйрену.

Жорабек Дәуренов,
Астана қаласы Дін істері департаментінің директоры:

– Әлемдегі алпауыт мемлекет­тер­дің өзі әртүрлі қақтығыстардан тынышталар емес. Кез келген дін бір-бірін өлтіруге, қиянат жасауға жол бермейді. Ал, діни экстремизм мен терроризмді бастаушылар, ұйымдастырушылар саяси бағыттағы ұпай іздеушілер, сол арқылы билікке, байлыққа кенелуге бағыт алған имансыз топтың іс-әрекеті екендігі анық. Сондықтан, жастардың осы топтан аулақ болуы, оның алдын алуы үшін үлкен білім, таным игеруі маңызды.

Халқымыздың 74 пайызы ислам дінін ұстанады. Сондықтан «Бізге жихадтың не қажеттілігі бар?», «Не үшін діни экстремизмге баруы-мыз керек?» деген сұрақтар туын­дайды. Демек, біздің ішкі тыныш­тығымыз бен татулығымыз, бе­ре­кеміз бі­реулер үшін керек емес. Яғ­ни, олар жастардың патриоттық санасын, діни көзқарасын, тарихи, ұлттық болмысын, халықтың ішкі бірлігі мен татулығын бұзуға ынталы. Сол жолда кез келген іс-әрекеттер ұйымдастыруға ішкі және сыртқы күштерді пайдаланатын болады. Ал, діни сауаты төмен, әлеуметтік жағдайы нашар, нашақорлыққа, ұрлыққа, қылмысқа бейім жастарды осы бағытта пайдалану, олардың санасын улау – өте жеңіл тәсіл. Таблиғи жамағат, Ата жолы, хизбут тахрир сияқты топтардың іс-әрекеттерін айқындап, тыйым
салдық. «Діни саладағы маман­дар жеткілікті ме?» деген са­уалға келсек, шүкір мемлекет бо­лып қа­лыптасып келеміз. Ал, ком­му­нис­тік көзқарастың салда­рынан діни бағыттағы білім жойылғаны белгілі. Бірақ, мемлекет тарапынан білімді жетілдіру, діни көз­қарасты дамыту, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар ұйымдастыру бағытында нақтылы шаралар қолға алынуда. Ал, дұрыс діни таным арқылы адамдарға әсер ету үшін саналы, тәжірибелі мамандар қажет. Ол жұмыс та назарда.

Жалпы, кез келген отбасында бала ата-анасынан қоғамдағы кейбір түсінбеген мәселелері туралы сұрайды. Ал, діни саладағы масхаб, діни ағым, экстремизм, терроризм туралы сұраса, ата-ананың да жауап беруге қиналатыны анық. Алғаш дінге деген «бум» басталған кезде үйіне барып ата-анасының жасаған тамағын «харам» деп ішпеген жағдайлар да кездескен. Өйткені, «сен дәрет алмайсың, намаз оқымайсың, сондықтан тамағың харам» деген көзқарас әлі де алаңдатады. Демек, ата-ана да осы бағытта білім алуға, танып білуге талпынуы керек. Ертеңгі ұрпағының адаспауы, теріс жолға түсіп, үлкен күнәға батпауы үшін.

Уақыт өткен сайын адамдардың, әсіресе, жастардың дінге деген көзқарасы, алаңдатарлық сауалдары арта түседі. Өйткені, бұрынғы адамдарда ислам дініне, ата-баба дәстүрінің маңыздылығына деген көзқарастары қалыптасып үлгерген. Советтік жүйе қаншама кері әсерін бергенімен, олардың аталары, апа-әжелері қандай да бір жолмен түсіндіріп, санасына сіңіріп үлгерді. Ал, енді олар ұрпақтарына қалай түсіндіруге келгенде қиналады. Себебі, өз бетімен оқып, көріп се­зінген жоқ. Сонымен қатар, соңғы уа­қыт­тардағы жаһандық үрдіс, ақ­­параттық кеңістіктегі сыртқы идеологияның әсері жастардың арасында түсініспеушіліктер көбейте түсуде.

Бет қатталып жатқанда

Елордада Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйым­дастыруымен жоғары оқу орындарында терроризмнің алдын алуға бағытталған кон­фе­ренция өткізілді. Қазақ гума­ни­­тарлық заң университеті, Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті және С.Сей­фуллин атындағы Қазақ агро­тех­никалық университетінде өткен шараларға 700-дей студент қа­тысты. Жиында мамандардың қатысуымен аталмыш саладағы түйткілді мәселелер талқыланып, ас­та­налық студенттерді адас­пау­шылыққа шақырды.

Дайындаған
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button