Елорда тынысы
Иттер жарысы өтеді
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/08/a5192d3f4d844c7ac661c7e838c03ec3-780x470.png)
Астанадағы Триатлон саябағында 17 тамызда Dogs марафоны өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жарысқа кез келген тұқымды иттер қатыса алады. Негізгі ереже бойынша итте қарғыбау, амортизациялы тартқыш және тұмылдырық болу қажет.
Жануарларға сыйлық ретінде YUKI-SAN тәттілер дайындалды.
Марафонға тіркелу 17 тамызда сағат 08:00-де ашылады, ал жарыстың өзі 09:00-де басталады.
Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен және қазақстандық иттер спорт федерациясының елордалық филиалының қатысуымен ұйымдастырылады.
Қосымша ақпарат: +7 700 543 8585, Әділ.