Қала мен Сала

Ізгі істер ұйытқысы

Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы елорда дәрігерлерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауда тиімді жұмыстарын атқарып келеді. Бүгінде «AQNIET» деп аталған үлкен ұйымды қаланың медициналық мекемелері мен ұйымдарының 55 бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрайды.

[smartslider3 slider=2260]

Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарындағы қызметкерлердің жалпы саны 25 035-ке жетеді. Ал бастауыш кәсіподақ ұйымдары ұсынған статистикалық есептерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 16 781 адамды құрайды.

Филиал елорданың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, алға қойған мақсаттарына жету үшін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен әлеуметтік әріптестік аясында ынтымақтастықта жұмыс істейді. Кәсіподақ өкілдері Нұр-Сұлтандағы бірқатар қалалық медициналық кәсіпорындардың бақылау кеңестерінің мүшесі болып табылады. Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібайдың бақылау кеңестеріне қатысуының арқасында ауруханалардағы және жедел жәрдемдегі қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет туралы, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту туралы мәселелерін көтерді. ШЖҚ жұмысшылары үшін әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктерді сақтау үшін денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен келіссөздер жүргізу әрқашан өзекті болып қала береді, Кәсіподақ жергілікті атқарушы органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау мәселесінде «Нұр-Отан» және Қазақстан халықтық партиясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарымен тиімді ынтымақтастық жүргізілуде.

Өткен жыл ішінде филиал кеңсесіне құқықтық қорғауға екі мыңға жуық  астам жазбаша өтініштер, соның ішінде материалдық, қайырымдылық көмек көрсету және кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерін оңалту туралы өтініштер келіп түсті. Барлық өтініштер уақытылы қаралып, оларды іс жүзінде шешу үшін тиісті шаралар қабылданып, жауаптар беріліп, нәтижесінде 350 миллион теңгеден астам сомаға еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қорғалды.

Биыл еліміздегі шипажайларда 1697 қызметкер мен олардың отбасы мүшелері (1417+280 (балалар), жалпы сомасы 74,7 млн теңге) емделді. «Мойылды», «Сосновый бор», «Алакөл-Дорожник», «Сарыағаш», «Көктем» санаторийлеріне, «Денсаулық» сауықтыру орталығына жолдамалар сатып алынды. Сонымен бірге, кәсіподақ мүшелерін қолдау мақсатында филиал сатып алынған жолдамалар құнының 50 пайызға дейін төледі.

2021 жылы филиал есебінен «Атлант» сауықтыру кешеніне 100-ден астам басылымдар сатып алынып, кәсіподақ мүшелері арасында таратылды. Кәсіп­одақ қаражаты есебінен қаладағы екі жүз медицина қызметкеріне арналған «Денсаулық» сауықтыру орталығында COVID-19 инфекциясынан кейінгі оңалту бағдарламасы аяқталды.

Соңғы екі жылда жалақының жүйелі түрде өсуіне қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы төмен жалақы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Қазір біліктілік санаттары институтын жою және осыған байланысты бұрын берілген біліктілік санаттары туралы куәліктердің мерзімі өткен медицина қызметкерлерінің жалақысының төмендеуі өте өзекті болып отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік әріптестік аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, кәсіподақтар және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасында бұл мәселені шешу үшін келіссөздер жүргізілуде.

Бұл туралы заң жобасы жақын арада Мәжіліске жіберіледі деп күтілуде. Сақтандыруды енгізу дәрігерлер үшін заңды, экономикалық және физикалық тұрғыдан қауіпсіз жұмыс орындарын ашады деп күтеміз. Дәрігерлер лайықты еңбек жағдайы туралы айтқанда, ең алдымен, пациенттердің тиімді, қауіпсіз және сапалы медициналық көмек алу құқығын қорғайды деп ойлаймын. Жоғары жалақыны қамтамасыз ету, тәлімгерлік институтын енгізу, дәрігерлердің өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды коммуникативті дағдыларға, медиацияға оқытуды қамтамасыз ету өте маңызды. Қазіргі таңда біздің кәсіподақ «Медициналық заңгер» жобасын іске қосты, оның мәні медициналық оқиғалар кезінде медициналық қызметкерді толықтай қорғау және алғашқы кезеңде кәсіби заңгерлермен қамтамасыз ету болып табылады. Біздің ойымызша, ешбір медицина қызметкері адвокатсыз тергеушілермен кездесуге тиіс емес.

Бақытжан ТӘЖІБАЙ, 

«Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіп­одағы»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button