Қоғам
«Ізгілік шыршасы»: астаналықтар ерекше балалардың тілектерін орындай алады

Елорданың Алматы ауданында «Ізгілік шыршасы» акциясы басталады, онда қаланың әрбір тұрғыны ерекше балалардың тілектерін орындай алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Акция ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр науқастарға, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда тұратын ерекше балалардың тілектерін орындауға бағытталған.
Тілек карталарын мына мекенжай бойынша алуға болады: Абылай хан даңғылы, 40, SOS Астана қаласының балалар ауылы. Науқан 28 желтоқсанға дейін жалғасады.11216:36