Қоғам

Ізгіліктің ұйтқысы

Қазір «Ұрпақтар сабақтастығы» деген ұғым берік қалыптасып келеді. Ал оның мағынасына зер салсаңыз, тамыры тереңде жатыр. Сонау Жоңғар шапқыншылығында Қаратаудың басынан ел ауған аумалы-төкпелі заманда ұрпақты сақтау үшін аналарымыз ұлдарын төңкерілген қара қазанның астына жасырып сақтап қалған, міне, кемеңгер аналарымыздың ерлігі.

Иә, небір батыр да, ақын да, дана да анадан туады. Тарихта – Қарқабат, Айпара, Нүрилә, Зере, Айғаным, ГауҺар секілді қасиетті аналар, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді Отан үшін от кешкен батыр қыздар өткен. Бейбіт күннің батыры – Ақмола өңіріндегі Есенжолова Сағила Әбдірахманқызы – Қазақ КСР, Целиноград облысы, Целиноград ауданы, Киров атындағы кеңшардың сауыншысы, бригадир, Социалистік Еңбек Ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты ұрпаққа өнеге болды.

Қоғам дамуының әр кезеңінде болған қиындықтарды ерлермен бірге әйелдер де көтерді. Мемлекетіміздің экономикасын арттырып, әлеуетін дамыту жолында қай салада болсын әйелдер аянбай еңбек етті. Тоқсаныншы жылдардың тоқырауынан да алып шыққан солар. Тіпті ұлт араздығын тудырып, арандату мақсатында бес қаруын асынып шыққан сепаратистердің жолына ақ жаулығын тастап, ел бірлігін сақтап қалған да біздің парасатты аналарымыз болатын. Қазіргі күнде зейнетке шықса да жастарға үлгі болып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген ардагер әйелдер баршылық.

Светлана Жақиянқызы Жалмағамбетова – 2003 жылдан 2014 жылдар аралығында Ақмола облысынан Қазақстан Рес­публикасы Парламент Сенатының депутаты, Тәуелсіз Мемлекеттердің Достығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі.
Фаина Мартыновна Шкурко – Есіл ауданы «Знамя труда» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан БЛКЖО Есіл ауданы комитетінің I хатшысы, партия, кеңесте жауапты қызметтер атқарған.
Нэля Шиврина Викторовна – Астана қаласының «Құрметті азаматы» ҚР «Мәдениет қайраткері».
Балқия Сүлейменова Абдулбахиевна – Астана қаласы мәслихатының I шақырылымының депутаты, қала мен елдің медицина саласының дамуына зор үлес қосқан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».

Астана қаласы Есіл ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайы­мы Шарипа Әбеновна Үстемірқызы, Уляш Айтмағанбетқызы Құсайинова – Астана қаласы Сарыарқа ауданының Ардагерлер кеңесінің төрайымы. Еуразия ұлттық университетінің бастауыш ардагерлер кеңесінің төрайымы, философия ғылымының кандитаты, доцент Күлзира Идрисқызы Искакова, Сарайшық ауданы «Интернациональный» Бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы «Еңбек ардагері» Майра Қоразова Алимханқызы, Байқоңыр ауданы, Алматы ауданы Ардагерлер ұйымдары төрағаларының орынбасарлары Ольга Аушева Османовна мен Қарлығаш Ахметова ­Мухаммеджанқызы сияқты ардагерлерді мақтан тұтуға болады.

Халықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық дәстүрімізді, мәдениетімізді насихаттауда үлкен үлес қосып жүрген қалалық ардагерлер хорлары мен ансамбльдердің жетекшілеріне асыл да ардақты ару аналарға алғысымыз шексіз. Атап айтсақ, «Ветеран» хоры жетекшісі Аксенова Галина Ивановна, «Арқа әуендері» ансамблі – Жанұзақова Кенжетай Ерғалиқызы, «Елорда» хоры – Үміт Дүйсенова Әлібекқызы, «Есіл толқындары» ансамблі – Фанида Нұрбаева Мұқатайқызы. «Әжелер Шаңырақ» фольклорлық ансамбль жетекшісі Күләш Қоспармақова Бектемірқызы, 2024 жылғы КТК ТВ «Кел, шыр­қайық» байқауының бас жүлде иегері «Әдемі» ансамбль жетекшісі Райкүл Оспанқұлова Алмахамбетқызы.

Астана қаласы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарында ардагерлерге көрсетілетін қызмет шын мәнінде ұзақ өмір сүруге кепілдік бергендей. Қазақ қоғамында еш жерде жазылмаған далалық этикет бірлікке бастайтын дәстүрлеріміз. Сол дәстүрлерді ұлттық құндылықтарды сақтау­шы да – әйелдер. Елді қорғайтын – ерлер, елді тәрбиелейтін – әйелдер. Дүниеге тірлік сеуіп келе жатқан, ұрпақтар сабақтастығын үзбей келе жатқан әйелдерге мың тағзым!

Қарлығаш ҚҰСПАН,
Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің медиатоп
мүшесі, журналист

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button