#Жаңа Қазақстан

Жолдаудағы міндеттерді талқылады

Елордадағы «Baqytty otbasy» орталығында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Президент Жолдауын талқылады. Отырысқа аталған комиссия өкілдерімен қатар қала әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.

– Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап өтетін болсақ, Астана қаласы әкімдігінің әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат комиссиясы жұмысының арқасында отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек, оларды дағдарыс орталықтарына орналастыру, профилактикалық жұмыс жүргізу, халықты ақпараттандыру жұмысы белсенді жүргізілуде, – деді Астана қаласы Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шрахметова.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері елордада соңғы жарты жылда көптеген іс тындырған. Бұл туралы «Baqytty otbasy» жобасының жетекшісі Ырза Тұрсынзада айтты.

– Бүгінгі отырыста Президентіміздің Жолдауы талқыланды. Бұл Жолдауға үміт артып отырған – қазақ даласының аналары. Әрбір балаға халықтық қорға жиналған қаражаттың 50 пайызын әр баланың жеке есепшотына салу. Бұл – үлкен бетбұрыс. Бұл – тарихи бетбұрыс. Ал 18 жасқа толған бала бұл қаражатты оқу немесе басқа қажеттілігіне жарата алады. Осы орайда айта кететін жайт, «Baqytty otbasy» орталығы аналарды оқытумен айналысады. Бұл орталықта көпбалалы аналардың 90 пайызы ақысыз оқиды, – деді Ы.Тұрсынзада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button