Әлеумет

JOLTAP: жаңа мүмкіндік, тұрақты табыс

Астанада жүзеге асып жатқан Joltap жобасы елорда тұрғындарына жаңа мамандықтарды игеруге, білімін жетілдіруге және табысын арттыруға көмектеседі. Жобаның игілігін көргендердің бірі Ақбаян Болат өз қызығушылығын тұрақты табысқа қалай айналдырғаны туралы айтты.

Ақбаян өз мамандығы бойынша 10 жылдан астам еңбек етті. Бірақ үш декрет демалысы мен ұзақ үзілістен кейін ол кәсіпке қайта орала алмады. Осы жылдар ішінде – 12 жылдан астам ол тігіншілікпен айналысып, бірте-бірте хоббиін кәсіби қызметке айналдырды.

– Мен хобби ретінде тігін тігумен айналыстым және арасында шағын тапсырыстар алып тұрдым. Уақыт өте келе бұл салада дамығым келетінін түсіндім, сондықтан тігінші, сәнгер мамандығын меңгеруді жөн көрдім, – дейді Ақбаян Болат.

Ол Joltap жобасы туралы SMM оқып жүрген көршісінен білген. Осыдан кейін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктіне барып тігін және киім дизайны курс­тарына жазылды. Бұған дейін онлайн шеберлік сабақтарына қатысқан Ақбаян оқытушылардың жоғары кәсібилігін және оқудың ыңғайлы форматын атап өтті.

– Тіпті курстар аяқталғаннан кейін де мұғалімдер бізге көмектесуді тоқтатқан жоқ. Сабақта біз қажетті, нақты білім алдық. Екі сағаттық сабақ әп-сәтте зымырап өтіп, екі апталық жаттығу керемет қарқынды болып шықты. Бірде-бір сабақтан қалмадым, әйтпесе барлық материалды меңгеру қиынға соғатын еді. Бар назарым оқуға бөлінді, – деді ол.

Оқуын бітіргеннен кейін Ақбаян тігін өндірісінде белсенді жұмыс істей бастады. Қазір түрлі көйлектің дизайнын жасап, үйден тапсырыс қабылдайды. Жақында керекті техникаларын толықтай жаңартқан ол тұрмысқа арналған машиналарды өнеркәсіп машиналарына ауыстырды, бұл көтерме тапсырыстарды орындауға мүмкіндік берді. Енді өзінің жеке студия­сын ашуды жоспарлап отыр.

– Курстар маған күшті серпін берді. Бар болғаны 15 күннің ішінде болашағымды түбегейлі өзгерткен білім алдым. Бұл жоба тек Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстанда дамиды деп сенемін, – деді Ақбаян Болат.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button