Басты ақпаратСаясат

К.Мәсімов АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға барды (ФОТО)

02

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуропа және Азия елдері саммитіне (АСЕМ) қатысу үшін Моңғолияға келді. К.Мәсімов сапарын Елбасының тапсырмасы бойынша Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Өлгей қаласынан бастап, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, Премьер-Министр Ұлан-Батырға келіп, Моңғолияның тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты.

05

Өлгей қаласында К.Мәсімов аймақтық өлкетану мұражайының экспозициясымен танысты.

08
Аймақтық өлкетану мұражайы 1948 жылы құрылды. Мұнда 5200-ден астам жәдігерлер сақтаулы.
Премьер-Министр Моңғолияның ең ірі қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.

17

Өлгей қаласында 90 мыңнан астам адам тұрады, оның 88,7% – этникалық қазақтар.

14

К.Мәсімов 2014 жылы ашылған №1 қазақ мектебін аралады. Қазақстан Үкіметі мектепті оқу құралдарымен және оқулықтармен қамтамасыз етеді.

21

ҚР Премьер-Министрі Өлгей қ. аймақтық музыкалық-драма театрына барып, шетелдегі қазақ өнерінің даму барысын көрді.

23

Түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Ұлан-Батырға келіп, «Шыңғысхан мүсіні» мұражайын аралап,  Тоныкөк көне түркі жазба ескерткішін көрді.

28

Бүгін Премьер-Министр АСЕМ саммитінің жұмысына қатысады.

pm.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button