23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күні

Кабинеттен шығып, алаңда жарысты

Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция күніне орай елордадағы №5 олимпиадалық резерв мектебінде спартакиада өтті. Мемлекеттік органның қызметкерлері футбол, волейбол және үстел теннисінен, шахмат және тоғыз құмалақ партияларынан күш пен ақылдарын сынға салды. Ұйымдасты­рушысы – Сарыарқа ауданы әкімі аппараты.

[smartslider3 slider=3303]

Футболдан бірінші орынды Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты иеленді. Екінші орын осы ауданның полиция департаменті бұйырды. Үштікті қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы түйіндеді.

Волейболдан Сарыарқа ауданының Төтенше жағдайлар басқармасына ешкім тең келмеді. Екінші орында Сарыарқа ауданы Полиция департаментінің еншісінде, үшінші орын Сарыарқа ауданы Мемлекеттік кірістер департаменті алды.

Үстел теннисінде әйелдер арасында Айжан Семізбаева (Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы) мен Дарима Ыбраева (Сарыарқа ауданы әкімі аппараты) топ жарды. Ал  ерлердің ішінде Сүйіндік Сарбасов (Сарыарқа ауданы ­Төтенше жағдайлар басқармасы), Дәурен Байқожа (Экономика және бюджеттің жоспарлау басқармасы), Бауыржан Аманов (Қаржы басқармасы) және Алмаз Нұралин (Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы) жеңімпаз атанды.

Шахматтан бірінші орынды Қайрат Кенжеғұлов (Сарыарқа ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы) иеленді. Екінші орынды Фархат Омаров (Сарыарқа ауданы Мемлекеттік кірістер департаменті) алды. Үшінші орынды Ғалымжан Суннатула (Сарыарқа ауданы Полиция департаменті) және Нұрболат Әділов (Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті) өзара бөлісті.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында Ботагөз Өтелбаева (Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы), Диана Биқадамова (Сарыарқа ауданы әкімі аппараты) жүлделі орындарды иеленсе, ерлер арасында осы спорт түрінде Асхат Қасенов (Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы), Бауыржан Аманов (Қаржы басқармасы), Диас Қанатұлы (Полиция департаменті) және Пердебай Есембаев (Төтенше жағдайлар департаменті) үздік шықты.

Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button