Кәсіпорын базасында оқу кабинеті ашылды

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында елордалық техникалық колледжінің лифт шаруашылығы және эскалаторлар мамандығы студенттеріне арналған «Есіллифтсервис» ЖШС базасында бірлескен оқу кабинетінің ашылуы өтті. Бастама техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға және дуалды оқыту негізінде теория мен практиканы интеграциялауға бағытталады.
Оқу орталығын ресми түрде Астана қаласы әкімдігінің техникалық колледжі директоры Абай Құрманқұлов және «ҚР лифт компаниялары қауымдастығы» төрағасының орынбасары Владимир Табашнюк салтанатты түрде ашты. Іс-шара барысында лифт шаруашылығы мен эскалаторлар саласында тек сертификатталған және білікті мамандар жұмыс істеуі керек екендігіне ерекше назар аударылды.
Колледждің өндірістік оқыту шебері Михаил Тозик «Есиллифтсервис» ЖШС-да лифт электромеханигі қызметін атқаруда. Оқу орталығының базасында лифт электромеханигі құзыреті бойынша біліктілікті бағалау орталығының емтихан өткізу алаңын ұйымдастыру жоспарлануда.
Кәсіпорын базасында оқу кабинетін ашу қазіргі заманғы жұмысшы кадрларды даярлаудың маңызды әрі түлектердің жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыратыны сөзсіз.