ДенсаулықЖаңалықтарҚала тіршілігі

Камералар жеткізілді

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына Pfizer вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыш жеткізілді.   Өткен демалыс күндері -45-тен -80 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейтін екі мұздатқыш әкелінді. Екпе салу кабинеттеріне арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі.

[smartslider3 slider=783]

Бірінші кезеңде жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге Pfizer екпесін салу тек медициналық ұйымдар жанындағы вакцинация пунктерінде жүргізіледі. Pfizer-дің қаладағы медициналық мекемелерге түскені туралы қосымша хабарланады. Қала бойынша барлығы 90-нан астам екпе нүктелері жұмыс істейді, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда. Ресми мәлімет бойынша, бүгінде елордада індетке қарсы екпенің бірінші компонентін 453 мыңға жуық адам алды, 418 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button