Басты ақпаратМәдениет

Камералық хор – Үндістан төрінде

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры Үндістандағы Лакшминараяна дүниежүзілік музыка фестиваліне қатысып жатыр. Өнер ұжымы осы елдің үш қаласында бірнеше концерт береді. Алғашқы концерт кеше Нью-Дели қаласында өтті.

Камералық хордың көркемдік жетекшісі – бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамованың айтуынша, шығармашылық ұжым Үндістанда қазақ авторларының шығармаларынан бағдарлама ұсынады. Атап айтқанда, бағдарламаға Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні (хорға өңдеген Бейімбет Демеуов), Әліби Әбдінұровтың «Айналайын» шығармасы, «Қамажай» (хорға өңдеген Борис Ляшко) және «16 қыз» (өңдеген Ғалымжан Берекешев) сынды халық әндері енгізілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button