Мәдениет

Камералық музыка концерті

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Аспаптық және вокалдық камералық музыка концерті өтті.

[smartslider3 slider=3358]

«FORTE TRIO» тобы мен филармония орындаушылары ұсынған концертте қазақстандық және батыс композиторларының шығармалары тыңдалды. Соның ішінде Е.Хасанғалиев, Ш.Қалдаяқов, Е.Дог, Э.Морриконе, А.Хачатурян, А.Пьяцолла, П.Чайковский, С.Рахманинов, Д.Хисайши және т.б. шығармалары көрерменге ұсынылды.

«FORTE TRIO» тобының көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеевтің айтуынша, трио түрлі аспаптарда орындаушылармен бірге өнер көрсетіп жүр.

«Я помню вальса чудное мгновение» концерті кеш қонақтарына керемет әсер сыйлады. Біздің трио – Қазақстандағы бірден-бір аспаптық ұжым. Тобымыздағы үш музыкант та Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. «FORTE TRIO» репертуары барокко музыкасы мен джаздан бастап классикалық шығармалар мен заманауи композицияларға дейінгі көптеген музыкалық шығармаларды қамтиды. Әсіресе, ұлттық фольклор мен қазақ композиторларының шығармалары ерекше орын алады, – деді Тимур Урманчеев.

Кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері  Азамат Жылтыркөзов пен Бибігүл Жанұзақ көптеген әндерді нақышына келтіре орындады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button