Sport

КАПИТАН ЖЕҢІС ӘКЕЛДІ

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында он бесінші турдың матчтары ойналды.

«Астана» өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдады. Матч басталар алдында Қазақстан – Қытай құрамалары арасында өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алып қалған Ұлан Қонысбаевты қолдауға арналған акция ұйымдастырылды. Футболшылар мен жан­күйерлер Ұланның тезірек сауығып кетуіне тілектерін жеткізді.
Ал ойынның өзіне келер болсақ, бұл матчтың тағдырын жалғыз гол шешті. Бірінші таймның соңында «Астана» командасының капитаны Таңат Нөсербаев қарсыластар қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланып, әдемі гол соқты. Осыдан кейін екі жақтан да қаншама шабуыл болғанымен, таблодағы есеп өзгермей қалды. Сөйтіп, «Астана» биылғы маусымдағы он үшінші жеңісіне жетті.
Турдың басқа ойындарында мынандай нәтижелер тіркелді: «Шахтер» – «Қайрат» 0:5, «Ордабасы» – «Ертіс» 2:0, «Ақжайық» – «Тараз» 2:1, «Атырау» – «Оқжетпес» 2:1, «Ақтөбе»- «Тобыл» 0:1.
«Астана» келесі ойынды ертең Қостанайда «Тобыл» командасымен өткізеді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button