Жаңалықтар

Карантин мерзімі қысқарды

Елімізде коронавирус бойынша карантин мерзімі 10 күнге дейін қысқарды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мәлімдеді.

[smartslider3 slider=1905]

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет оты­рысында карантин мерзімдеріне және тиісінше Ashyq мәртебесінің өзгеру мерзімдеріне қатысты ақпаратпен бөлісті.

«Науқаспен  жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Сонымен қатар 7 тәулікке ПТР-зерттеу­дің теріс нәтижесі болған жағдайда карантин аяқталады» деп атап өтті ол.

Бұл ретте егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин ПТР-тестін қосымша тапсырусыз 10 күнде аяқталады. Бұл өлшемдер бас мемлекеттік дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі қаулыларында және Ashyq жұмыс ережелері мен мәртебесінің өзгеруін айқындайтын қаулыда көрініс тапты.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button