Жаңалықтар

Карантин тәртібін бұзғандарға айыппұл салынды

Мониторинг топтары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен аптада мониторинг топтары карантин тәртібін бұзудың бірқатар деректерін анықтады. Рейд барысында «Гаухартас» мейрамханасы мен «Ориент клаб» спа-салонында карантин режимі сақталмағаны анықталды. Оларға айыппұл салынды. 9 тамызда мониторинг тобы кешкі аралау барысында полиция қызметкерлері және Есіл ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп «Tequila» лаундж-бары мен «Гинза» мейрамханасында карантин режимі бұзылғанын анықтады. Тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталмыш нысандардың басшыларынан түсініктеме алды.
Сондай-ақ, тексерушілер «Халықтың санитарлық-эпидемиология­лық салауаттылығы саласындағы з­аңнама талаптарын бұзу» бабы бойынша материалдарды беру және әкімшілік хаттаманы ресімдеу үшін баянат жасады.
Байқоңыр ауданын аралау нәтижесінде «Понаехали» бары мен «Наливали» дүкенінде тәртіп бұзушылық анықталды. Мобильді топ мүшелері нысандардың меншік иелерімен бұзушылықтарды жою туралы түсіндірме өткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button