Елорда тынысы

Карантиндік шаралар жалғасады

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарына үндеу жолдап, мереке күндері адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін карантиндік шараларды сақтауға шақырды.

[smartslider3 slider=1689]

Бас дәрігердің айтуынша, әр мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдай әлеуметтік байланыстардың артуына, карантиндік шаралардың қабылданбауына байланысты нашарлайды. Сонымен, өткен мерекелерден кейін елорда «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа қайта өтті.

«Бірлескен күш-жігердің арқасында жағдайды біршама жақсарта алдық, енді сол еңбегіміз зая кетпесе игі. Алдағы мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетінін атап өткім келеді. Тексерулер тек біреуді жазалау немесе айыппұл салу үшін ғана емес, алдын алу шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін де жүргізілетінін түсіну керек. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай осыған байланысты» деп атап өтті Сархат Бейсенова.

Ол, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде өткізілетін іс-шараларды қоспағанда, барлық келушілер мен барлық персоналдың «жасыл» мәртебесі болған кезде ғана 50 па­йызға дейін, бірақ 70-тен аспайтын орынға толтырылатын іс-шараларды қоспағанда, отбасылық, корпоративтерді қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларға тыйым салынғанын еске салды. Азаматтарға елордадағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін шектеулі аумақта адамдардың жаппай болуын көздейтін салтанатты іс-шаралар мен мерекелерді өткізуден бас тартуға кеңес беріледі. Сондай-ақ балалардың қатысуымен өтетін жалпы мектептік және ұжымдық ертеңгіліктерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

«Мен ата-аналарды, басқа өңірлерден келген қонақтарды және бүкіл қала халқын осы талаптарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Жаңа жылда осы пандемияны жеңіп, өмірдің бұрынғы қалпына оралайық деп тілеймін» деп қорытындылады спикер.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button