Sport

КАРАТЭ-ДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДОДАСЫ

image-1

Жақында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасында каратэ-до бойынша I республикалық чемпионат өтті.

Спорттық додаға Астана және Алматы қалаларының, барлық об­лыс­тардың құрама командала­ры қатысты. Чемпионатты ұйымдас­тырушы – Астана қаласының каратэ-до WKF және дәстүрлі күрес өнері федерациясы. Чемпионатқа Қазақстан Республикасының Мә­де­ниет және спорт министрлігі, Қазақ­стан Республикасының Кара­тэ-до бойынша ұлттық федерациясы, Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Астана қаласының ІІД есірткі биз­несімен күрес басқармасы қолдау жасады.

Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты тұрмыс салтын  насихаттауды, нашақорлық пен балалар арасындағы қылмыстың алдын алуды мақсат тұтатын чемпионатқа қатысушылардың жасы 10-нан 13-ке дейін деп белгіленді. Спорт додасына үш жүз төрт бала қатысты. Екі күнге созылған жарыс кезінде олар басты жүлделерді жеңіп алу­ға бар күштерін салды және де жал­пыкомандалық ұпай саны бойынша өз ұжымдарын алға шығаруға тырысты. Осылайша чемпионатта Байқоңыр қаласының командасы жеңіске жетті. Елорданың құрамасы екінші орынды, ал Оңтүстік Қазақ­стан облысы үшінші орынды місе тұтты.

Лаула АСҚАР,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button