ДенсаулықҚала мен Сала

КАРДИОХИРУРГТЕР БАС ҚОСТЫ

1531cc33fcadd5a6dfffde72f8c61a58

Кеше Астанадағы «Rixos» қонақ- үйінде кардиохирургтердің ІІІ ұлттық конгресі ашылды.

Жиынға 500-ден аса отандық және шетелдік дәрігер мен ғалым-сарапшылар келіп, кардиохирургия саласындағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Сондай-ақ, медицинаның осы саласындағы тың емдеу әдістері мен инновациялық технологиялар жайы сөз болды.

Конгресте қазақстандық карди­охирургтердің әлемдік стандарттар бойынша атқарып жатқан жұмыстары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, отандық мамандардың тек әлемнің таңдаулы елдерінде ғана жасалатын жүректің күрделі операцияларын сәтімен жүзеге асырып келе жатқаны айтылды.

Осы конгресс еліміздегі кардиохирургтердің біліктілігін одан әрі жетілдіре түсетініне сенім мол. Себебі, жиын аясында әлемдік деңгейде белгілі кардиохирургтер 11 шеберлік дәріс өткізетін болады. Конгресс екі күнге созылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button