Жаңалықтар

Кәсіпкер әйелдер байқауы

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында елордадағы «Наз» би театрында Business Lady Qazaqstan өңірлік байқауы өтті. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған шараға кәсіпкерлікпен айналысатын 13 әйел қатысты.

[smartslider3 slider=2283]

Үш кезеңнен тұратын байқауда әр қатысушы өзі және бизнесі туралы баяндап, залдағы көрермен мен қазылар алқасының сұрағына жауап беруі және шығармашылық қабілетін көрсетуі керек болды.

Екі ай бойы қатысушылар түрлі бағыттар бойынша, атап айтқанда жеке брендін дамыту, бизнес-тренингтер, стилистер консультациясы сияқты салаларда шебер-кластарға қатысты. Жеңімпазға берілетін басты жүлде – Ессентуки қаласына екі адамға жолдама.

Business Woman KZ ҚБ – кәсіпкер әйелдердің басын біріктіріп отырған кәсіби бизнес-қоғамдастығы. Оның өңірлерде сегіз филиалы жұмыс істейді. Бес жылдан бері Business Lady KZ байқауы ел өңірлерінде өткізіліп келеді. Қоғамдастық өкілдері әлеуметтік жобаларға жиі қатысып, жастармен тығыз жұмыс жүргізеді, бизнес пен қоғаида негізгі құндылықтарды дамытады. Көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып ұйымдастырушылар бірінші рет салалық Жүлде тағайындауға шешім қабылдады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button