ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Кәсіпкерге қомақты көмек

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың «Жол картасында» елордада 107 тармақ қарастырылған. Соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытудың басым бағыттары бар.

[smartslider3 slider=499]

Жақында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатындағы Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері «Жол картасының» орындалуын бақылау аясында №1 ин­дустриалды парк аумағында көшпелі кеңес өткізді.
Қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, индустриалды паркте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2 жаңа өндіріс орны құрылды. Жалпы құны 6,5 млрд теңгенің 5 жобасы қаржыландырылды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 18,2 млрд теңгенің 286 жобасы мақұлданды.
«Еңбек» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жалпы алғанда 389 грант, соның ішінде «Жастар» санатындағы 108 жұмыссызға гранттар берілді. Карантиндік шаралардың салдарынан көбірек зиян шеккен салалардағы кәсіпкерлерге 847 млн теңгені құрайтын 60 жеңілдетілген несие берілді. 110 млн теңгеге 8 жоба мақұлданды.
Көшпелі кеңес барысында депутаттар өнеркәсіптік аймақты аралап, аумақтағы зауыттар мен компаниялардың жұмысымен, индустриалды паркке жылу жүйесін тарту ісімен танысты. Мердігерлердің сөзінше, тиісті жүйе қараша айының аяғында пайдалануға берілуі керек.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button